Журнал туралы

«Педагогикалық өлшемдер» журналы рецензияланатын ғылыми-практикалық журнал болып табылады. Құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

«Педагогикалық өлшемдер» ғылыми-практикалық журналының мақсаты - білім беру нәтижелерін бағалау және білім сапасын басқару саласындағы озық білімді дамыту және тарату үшін жетекші платформа болу.

Журнал:

- идеялармен, зерттеу нәтижелерімен және инновациялық тәсілдермен алмасу алаңын ұсына отырып, педагогикалық өлшемдер теориясы мен практикасындағы прогреске ықпал етуге;

- Қазақстан мен шет елдердің ғалымдарын, практиктері мен зерттеушілерін біріктіре отырып, халықаралық ғылыми қоғамдастықты қалыптастыру және нығайту; тиімді әдістемелер мен технологияларды енгізуге ықпал ете отырып, білім беру нәтижелерін бағалау және білім сапасын басқару саласындағы озық тәжірибені таратуға;

- білім мен тәжірибе алмасу кеңістігін құра отырып, білім беру процесінің әртүрлі қатысушылары арасындағы диалог пен ынтымақтастықты ынталандыруға;

- психометриялық талдаудың заманауи әдістеріне, жасанды интеллекттің және білім беруді бағалаудағы басқа да озық технологиялардың рөліне ерекше назар аудара отырып, білім беру процесіне инновацияларды енгізуге ықпал етуге бағыттылады.

Редакциялық алқа мен халықаралық редакциялық кеңестің құрамына жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар кіреді.

Журнал электронды түрде шығарылады, сайттағы жарияланымдардың толық мәтінді нұсқалары барлық ниет білдірушілерге шектеусіз танысуға қол жетімді.

 

Журналдың тақырыптық бағыты

Журналда келесі бағыттар бойынша мақалалар, шолулар және практикалық ұсыныстар жарияланады:

- білім беру нәтижелерін бағалаудың заманауи тәсілдері және білім беру сапасын басқару;

- жасанды интеллект және білім беруді бағалаудағы инновациялар.