Құрметті әріптестер, қымбатты оқырмандар!
Ұлттық тестілеу орталығымен шығарылатын «Педагогикалық өлшемдер» атты жаңа рецензияланған ғылыми-практикалық журналының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Бұл басылымның құрылуы – біздің еліміздегі білім беру сапасын бағалау жүйесін дамытуға жасалған елеулі қадам болып табылады. Бүгінгі таңда педагогикалық өлшемдер саласындағы ғылыми идеялармен, зерттеу нәтижелерімен және тиімді тәжірибелермен алмасу үшін бірыңғай кәсіби кеңістікті қалыптастыру өте маңызды. Біздің журнал дәл осындай алаңға айналады.
Журналдың мақсаты – білім беру жетістіктерін бағалау, психометрика және білім беру сапасын басқару саласында жұмыс істейтін ғалымдарды, зерттеушілер мен практиктерді біріктіру, сондай-ақ ғылыми деректерге негізделген инновациялық тәсілдерді ілгерілету. Заманауи технологияларды, оның ішінде психометриялық талдау әдістерін және білім беру саласындағы жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізуге ерекше назар аударылатын болады.
Жаһандық бәсекелестік жағдайында және білім беру жүйесін жаңа сын-тегеуріндерге бейімдеудің тұрақты қажеттілігі жағдайында осы саладағы тұрақты даму мен инновациялық прогресті қамтамасыз етуге қабілетті берік ғылыми негіз құру өте маңызды. Осыған байланысты білім беру жетістіктерін бағалау саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту білім берудің барлық деңгейінде оқыту сапасын арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның ҰБТ, КТ және т.б. бағалау жүйелерінің әлемдік мойындалуына ықпал ететін болады.
«Педагогикалық өлшемдер» Халықаралық ғылыми қоғамдастықтың қалыптасуына және білім беру сапасын арттыруға ықпал ете отырып, Қазақстанда және одан тыс жерлерде академиялық пікірталастың маңызды бөлігіне айналатынына сенімдімін.
Журнал өміріне ғалымдарды, оқытушыларды, жас зерттеушілерді және барлық мүдделі мамандарды белсенді қатысуға шақырамын.
Мақалаларыңызды жариялаңыздар, тәжірибелеріңізбен бөлісіңіздер, Қазақстандық білім берудің болашағын қалыптастыратын кәсіби қоғамдастықтың бір бөлігі болыңыздар!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі
Нұрбек Саясат