МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ДИАГНОСТИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2026.7.3.009Кілт сөздер:
зерттеу дағдысы, математика, қызығушылық, жобалау, логикалық ойлау, шығармашылық, диагностикаАңдатпа
Мақалада математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Нормативтік құжаттарға сүйене отырып, зерттеу өзектілігі айқындалған. Зерттеу барысында теориялық әдіс арқылы отандық және шетелдік зерттеулер бойынша зерттеу дағдысы ұғымының мәні айқындалып, зерттеу дағдысының артықшылықтары сипатталған. Диагностикалық әдістер бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастырудың мотивациялық, мазмұндық және рефлексивтік компоненттеріне сәйкес іріктелген. Эмпирикалық зерттеу нәтижелері әр компонент бойынша оқушылардың зерттеу дағдыларының даму деңгейін жақ-жақты диагностикалауға мүмкіндік берген. Алынған сандық деректерге сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының төмендегіне байланысты қалыптастырушы зерттеу кезеңінің қажет екендігін тұжырымдаған. Зерттеу қорытындысында ғылыми негізделген келесідей ұсыныстар берілген: бастауыш сыныптың математика сабақтарының мазмұнына оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында проблемалық жағдаяттар, логикалық тапсырмалар, зерттеушілік сипаттағы тапсырмаларды жүйелі енгізу; бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқушылардың зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік құралдар мен тапсырмалар жүйесін әзірлеу. Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастырудың диагностикалануы мен ғылыми зерттеу нәтижелерін жоғары педагогикалық оқу орындары мен колледждерде, бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау және қайта даярлау біліктілікті арттыру институттарында пайдалануға болатыны бұл зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығын көрсетеді.
All site content, except where otherwise noted, is licensed under a