БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ІСКЕРЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Авторлар

  • Серик Кастаев Автор
  • Айнур Турсынбаева Автор
  • Назгуль Сартаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор
  • Серибай Мамбеталиев Автор
  • Ардак Бостанова Автор

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2026.7.3.005

Кілт сөздер:

болашақ педагог, ұйымдастыру, білім, іскерлік, қабілеттер, басқару, эмоционалды-құндылықтық сала, диагностика

Аңдатпа

Мақалада болашақ мұғалімдердің ұйымдастырушылық іскерліктерін дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеу мәселесінің өзектілігі нормативтік құжаттар негізінде айқындалды, зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-педагогикалық еңбектерге шолу жасалды, сондай-ақ ұйымдастырушылық іскерліктерді қалыптастыру мәселесі талданды.

Болашақ мұғалімдердің ұйымдастырушылық іскерліктерін қалыптастырудың мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік және рефлексивті-бағалаушылық компоненттері, критерийлері мен көрсеткіштері мұқият айқындалып, іскерліктер мен олардың қалыптасу деңгейлері (жоғары, орташа және төмен) сипатталды. Әрбір ұйымдастырушылық-басқарушылық бағытқа түсініктемелер беру арқылы болашақ мұғалімдердің ұйымдастырушылық іскерліктерінің мазмұндық сипаттамаларының сызбасы жасалды. Тәжірибелік кезеңде сандық деректер алынып, ұйымдастырушылық білімді, эмоционалдық-құндылықтық саланы және іскерліктерді бағалауға арналған диагностикалық әдістер қолданылды.

Диагностика нәтижесінде заманауи студенттер арасында ұйымдастырушылық-басқарушылық бағыттардың қалыптасу деңгейі орташа және төмен екендігі, әсіресе белсенділік компонентінің жоғары деңгейі мүлдем байқалмайтыны анықталды. Ұйымдастырушылық қызмет пен болашақ кәсіби қызмет мұғалімдер үшін маңызды болғандықтан, педагогикалық жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінде осы бағыттарды қалыптастыруға арналған бағдарламаны әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-28

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ