ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДАҒЫ ЖИ ЖАУАПТАРЫН БАҒАЛАУ: ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИ ИНТЕРЬЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2026.7.3.015

Кілт сөздер:

генеративті жасанды интеллект, үлкен тілдік модельдер, әдебиетті оқыту, әдеби интерьер, көркем кеңістік, қазақ әдебиеті

Аңдатпа

Мақалада генеративті тілдік модельдердің филолог-студенттердің көркем мәтіндегі интерьер поэтикасын саралау және түсіндіру құзыретін қалыптастырудағы әдістемелік әлеуеті зерделенеді. Зерттеудің эмпирикалық негізін 2026 жылдың ақпан айында Google Gemini жүйесімен жүргізілген алғашқы диалог пен араға сегіз ай салып Gemini, ChatGPT және Claude модельдеріне қайта қойылған сәйкес сауалдар нәтижесі құрады. Модельдер генерациялаған жауаптар алдын ала белгіленген нақты өлшемдер бойынша салғастырылып, олардың М. Мағауиннің «Жармақ» романындағы интерьерге қатысты пайымдаулары шығарманың түпнұсқа мәтінімен және әдеби-сыни рецензиямен салыстырыла тексерілді. Талдау барысы қарастырылған барлық модельдердің әдіснамалық бағдар беру деңгейінде пайдалы болғанын көрсетті. Жасанды интеллект ұсынған талдау сұрақтары Ю. М. Лотман, Г. Башляр және А. П. Чудаковтың көркем кеңістік туралы тұжырымдамаларымен үндестік тауып, қазақ дәстүрлі баспанасының ұғымдық аппараты дұрыс қолданылды. Алайда нақты көркем мәтінді терең талдауда модельдердің сенімділік деңгейінің шектеулі екені анықталды. Gemini ұсынған 11 тұжырымның тек 2 тұжырымы толық, 6 тұжырымы ішінара расталды. ChatGPT қолданушыны бастапқы мәтінге қайта бағыттаумен шектелді, ал Claude веб-дереккөздерге сүйенді. Романның мәнді кеңістік детальдары модельдер арқылы емес, тек мәтінді мұқият оқу тәсілімен ғана айқындалды. Зерттеу нәтижесінде жоғары оқу орындарының филологиялық курстарына арналған жасанды интеллектпен жұмыс істеудің үш кезеңді оқыту үлгісі мен студенттердің сыни талдау дағдысын шыңдайтын семинар тапсырмалары әзірленді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-28

Журналдың саны

Бөлім

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІ БАҒАЛАУДАҒЫ ИННОВАЦИЯ