РАШ МОДЕЛІ НЕГІЗІНДЕ ПЕДАГОГТАРДЫ ТЕСТІЛЕУДЕГІ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ЖҰМЫС ІСТЕУІ
DOI:
https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2026.7.3.008Кілт сөздер:
тапсырмалардың дифференциалды жұмыс істеуі (DIF), Раш моделі, өлшеу инварианттылығы, педагогтарды тестілеу, гендерлік айырмашылықтар, Mantel-Haenszel статистикасыАңдатпа
Мақалада педагогтерге арналған тесттің үш параллель нұсқасының материалдары негізінде жыныс белгісі бойынша тест тапсырмаларының дифференциалды жұмыс істеуін (DIF) жүргізілген психометрикалық талдау нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – Раш моделі аясында DIF әсерлерінің болуын, шамасы мен бағытын бағалау, сондай-ақ көптік салыстыруларды бақылау кезінде олардың статистикалық тұрақтылығын анықтау. Параллель нұсқалардың қиындық деңгейлері өзара салыстырмалы болған жағдайда DIF әсерлерінің үлесі мен бағыты жекелеген тапсырмалармен шектеліп, белгілі бір жыныс тобының пайдасына жүйелі ығысуды қалыптастырмайды деген болжам жасалды. Зерттеу материалы ретінде 1417 тестіленушінің (1071 әйел және 346 ер адам) тестілеу нәтижелері пайдаланылды. Тестіленушілер әрқайсысы дихотомиялық тәсілмен бағаланатын
50 тапсырмадан тұратын тесттің үш нұсқасын орындады. Деректерді өңдеу Winsteps 5.8.3.0 бағдарламасында жүргізілді. Тапсырмалардың дифференциалды жұмысы DIF шамасы бойынша бағаланды және қосымша Mantel-Haenszel статистикасы арқылы тексерілді. Жалған анықтаулар үлесін (FDR) бақылау үшін әрбір тест нұсқасына жеке қолданылған Бенджамини-Хохберг процедурасы пайдаланылды. DIF-тің бастапқы критерийі бойынша «тапсырма × нұсқа» түріндегі 150 позицияның 25-інде (16,7%) DIF анықталды. FDR түзетуінен кейін статистикалық тұрғыдан тұрақты 9 позиция (6,0%) қалды. Тұрақты әсерлердің бағыты іс жүзінде теңгерімді болды: 4 тапсырма әйелдер үшін, ал 5 тапсырма ер адамдар үшін қиынырақ болды. Бұл тест тапсырмалары қиындықтарының белгілі бір жыныс тобының пайдасына жүйелі түрде ығысқанын айтуға негіз бермейді. DIFсигналдарының ең жоғары шоғырлануы 703-нұсқада байқалды. Жалпы айтқанда, алынған нәтижелер пайдаланылған тест нұсқаларының жыныс белгісі бойынша өлшеу инварианттылығының қолайлы деңгейін көрсетеді және тесттің параллель нұсқаларын әзірлеу мен қолдану барысында DIF-ке тұрақты мониторинг жүргізу жөнінде ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.
All site content, except where otherwise noted, is licensed under a