ФИЗИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНА ПСИХОМЕТРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • А.Ж. Ауезханова Автор

Кілт сөздер:

Тест, тапсырмалардың қиындық коэффициенті, WINSTEPS бағдарламасы, статистикалық өңдеу, статистикалық үйлесімділік, валидтілік, дистракторлық талдау

Аңдатпа

Мақалада Ұлттық бірыңғай тестілеуде (бұдан әрі – ҰБТ) қолданылатын тест материалдарының сенімділігі мен жарамдылығын арттыру мақсатында тест тапсырмаларына  психометрикалық талдау жасау қарастырылған. Психометрикалық талдау 2022 жылғы тест тапсырмасы апробациясы  шеңберінде әзірленген бейімделген нұсқалардың нәтижесіне негізделген. Бейімделген нұсқада қазақ және орыс тілінде оқытылатын мектептерге мазмұны жағынан бірдей тест тапсырмалы ұсынылады. Бұл, тест тапсырмаларының сапасын бағалауға, тест тапсырмаларының дұрыс құрастырылғанын және оның қиындық деңгейлері тестіленушілердің деңгейіне сәйкестігін, тестіленушілердің тесттің нақты модельмен үйлесімділігін анықтауға мүмкіндік береді.  Осы мақсатта, бейімделген нұсқа тест тапсырмаларына психометрикалық талдау жасалды.  Статистикалық өңдеу WINSTEPS бағдарламасы бойынша өтті. Нәтижесінде тест тапсырмалардың қиындық коэффициенті және дистракторлық талдауы жасалып, тест тапсырмасының сапасын және емтихан тапсырушылардың белгілі бір тақырыптарды меңгеру деңгейін жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынылды. Сонымен қатар, тестілеуге дайындық сапасын арттыру үшін 2022 жылдан бастап ұлттық тестілеу орталығы тестілеу нәтижелеріне жеке тақырыптық талдауды енгізді. Емтихан аяқталғаннан кейін түлектер дұрыс және бұрыс жауаптармен ғана емес, сонымен қатар ҰБТ нәтижелерінің толық талдауымен де таныса алды. Яғни, тестіленушілер жеке тақырыптар бойынша өздерінің әлсіз жақтарын анықтайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ