ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІҢ  ТАРИХЫНДА МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.2.2.003

Кілт сөздер:

ҰБТ, математика, математикалық сауаттылық, білім беру жүйесі, білім сапасы, тестілеу

Аңдатпа

Мақалада 2004 жылдан бастап Қазақстандағы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі (бұдан әрі – ҰБТ) математиканың рөлі мен маңыздылығының эволюциясы қарастырылады. ҰБТ мектеп бітірушілерінің білімдерін бағалаудың және жоғары оқу орындарына қабылдаудың іріктеу құралы болып табылады. Математиканың міндетті пән ретінде маңыздылығы – ол оқушылардың дайындық деңгейі мен аналитикалық қабілеттерін көрсететіндігі атап өтіледі. ҰБТ-ның математикалық бөлігінің құрылымы мен мазмұнындағы өзгерістер, оның ішінде тапсырмалардың саны, максималды балдар мен тест тапсырмаларының форматы талданған. 2008 жылы міндетті пәндердің санын арттыру және 2012 жылы логикалық сипаттағы тапсырмаларды енгізу сияқты жаңашылдықтарға ерекше назар аударылған. Бұл жаңашылдықтар білімнің ғана емес, сонымен қатар қалыптан тыс ойлау қабілеті мен теориялық білімдерді практикада қолдану дағдыларын тексеруге бағытталған. Бұл өзгерістердің тестіленушілердің математикалық білім сапасын бағалауға және бітірушілердің дайындық талаптарына әсері зерттелген. 2017 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде математиканың және математикалық сауаттылықтың нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасалынған. Мақала ҰБТ-ны объективті бағалау құралы ретінде және қазіргі білім беру үрдістерін көрсететін әділ іріктеу құралы ретінде жетілдіруге деген ұмтылысты көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ