«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Кілт сөздер:
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, құндылықтар, құзыреттілік, жоба, рухани-адамгершілік қасиет, патриотизм, адалдықАңдатпа
Мақалада «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы білім сапасын басқарудың стратегиялық құралы ретінде қарастырылады. Бағдарламаның мақсаты – білім алушылардың жан-жақты дамуы мен тәрбие процесінің барлық аспектілерін қамту арқылы білім сапасын арттыру. «Біртұтас тәрбие» білім беру ұйымдарында тәрбие мен оқыту арасындағы бірлікті қамтамасыз етуге, тұлғаның рухани және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған. Мақалада бағдарламаның мазмұны, оның білім беру жүйесінде қолданыс табуы және оқу-тәрбие процесін ілгерілетудегі рөлі талданады. Сонымен қатар, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының білім сапасын басқарудағы тиімділігін арттыруға ықпал ететін әдістемелік және ұйымдастырушылық шаралар сипатталады. Бағдарлама мектеп пен отбасы, қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы, білім алушылардың оқу үлгеріміне және әлеуметтік жауапкершілікті сезінуіне жағымды ықпал етеді.
Мақала білім беру жүйесіндегі стратегиялық басқару құралдарына қызығушылық танытқан педагогтерге арналған және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының білім сапасын басқару жүйесіндегі маңыздылығын ашады. Білім мазмұнына құндылықтарды интеграциялау маңызды. Мақала мазмұнындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы оқу-тәрбие процесін интеграциялап, ұлттық құндылықтарды, азаматтық сана мен патриоттық тәрбиені үйлестіре отырып, білім беру ұйымдарында сапалы білім беруді қамтамасыз етудің кешенді әдісін ұсынады.