ЦИФРЛЫҚ ОРТАДА ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ БАЗАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.2.2.004Кілт сөздер:
автоматтандырылған тестілеу, цифрлық трансформация, тиімділікті бағалау, Лайкерт шкаласы, ақпараттық қауіпсіздікАңдатпа
Білім беру саласының цифрлық трансформация кезеңінде тест тапсырмаларын сенімді, қауіпсіз және тиімді басқаруды қамтамасыз ететін автоматтандырылған шешімдерге қажеттілік туындайды. Бұл зерттеу Ұлттық тестілеу орталығында магистратураға кешенді тестілеу нұсқаларын қалыптастыру мақсатында әзірлеп, іске асырған жүйенің тиімділігін бағалауға арналған. Зерттеу барысында аралас әдіснама қолданылды: сандық талдау (Лайкерт шкаласын пайдалана отырып Орталықтың 44 қызметкеріне сауалнама жүргізу, корреляциялық талдау) және жүйенің нақты жағдайда жұмыс істеуін сапалық хронометраждық бақылау. Зерттеу нәтижесінде тұрақты жұмыс істейтін компоненттермен қатар жетілдіруді қажет ететін бағыттары да анықталды. Жүйе архитектурасын және интерфейсін жетілдіру, өнімділікті арттыру, сондай-ақ құқықтық және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар әзірленді. Зерттеу нәтижелері жүйенің тапсырмаларды басқару функционалына жоғары қанағаттанушылықты көрсетті (M=4,67), алайда өнімділік (M=3,92) пен үлкен көлемдегі деректерді өңдеу мәселелері де байқалды. Оптимизациялау бағыттары ретінде іздеу алгоритмдерін күшейту, дерекқорды индекстеу, интерфейсті жетілдіру және бағдарламалық қамтамасыз етуді лицензиялық талаптарға сәйкестендіру ұсынылды. Зияткерлік меншікті қорғау мақсатында негізгі техникалық шешімдерді патенттеу ұсынылады. Алынған деректер мемлекеттік білім беру инфрақұрылымы жағдайында бағалау саласындағы цифрлық шешімдерді одан әрі жаңғырту үшін пайдалануға болады.
All site content, except where otherwise noted, is licensed under a