БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ САНДЫҚ ЖӘНЕ БАСПАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ ОҚУДЫ ТҮСІНУ ДЕҢГЕЙІ
DOI:
https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.4.4.003Кілт сөздер:
оқу дағдылары, баспа мәтіні, сандық мәтін, өзін-өзі бағалау, нәтижеАңдатпа
Оқу орындарында оқулықтар көбінесе цифрлық және баспа форматтарына кеңінен қолданылатын оқу стратегияларына бағытталған. Түрлі зерттеулер баспадан немесе экраннан мәтінді оқып түсіну қалай әсер ететіні туралы әртүрлі нәтижелерді көрсетеді. Бұл мақалада білім алушылардың цифрлық оқуға қатысты көзқарасы мен тәжірибесін зерттейтін зерттеу нәтижелері ұсынылады. Қала және ауыл мектептерінің 82 білім алушыларынан (5-6-сыныптар) сауалнама алынып, баспа және сандық мәтінді қолдану ерекшелігі талданды. Талдау көрсеткендей, жынысына, оқығанын есте сақтау дағдыларына, қағаздағы, экрандағы немесе екеуіндегі мектеп тапсырмаларының артықшылықтарына қарай нәтижелердің ұқсас екенін байқатты. Оқу құралына қарамастан, есте сақтау дағдылары жақсы және өзін-өзі бағалауы жоғары оқушылар жақсы нәтиже көрсетті, ұлдар қыздардан асып түсті, ал баспалық және компьютерлер арқылы оқуға бірдей дайын оқушылар компьютерлерді ұнататын оқушылардан асып түсті. Бұл зерттеудің нәтижелері оқуды түсіну үшін баспа және сандық мәтіндерді икемді пайдаланудың артықшылықтарын көрсетеді. Дегенмен цифрлық оқудың танымалдылығына қарамастан, баспа мәтіндерін оқудың ұзақ уақыт есте сақтау, жан-жақты талдап оқу және қайта қарастыра алу жағынан оқушылар тарапынан жоғары бағаланды. Аталған мақала тақырыбының қазіргі мектеп үрдісінде маңыздылығы жоғары, ақпараттық технологияны, жасанды интеллектіні қолдану әлемдік деңгейде кез келген оқу орындарының күнделікті жұмыстарының бір бөлігіне айналып отыр.
All site content, except where otherwise noted, is licensed under a