ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІНІ ПАЙДАЛАНУ
DOI:
https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.4.4.009Кілт сөздер:
цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, тест Спилбергер, TRACK, AI-TRACK моделі, мазасыздықАңдатпа
Мақала білім беру үрдісінде оның ішінде мектеп орындарында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттіні пайдаланудың заманауи педагогикалық тәсілдерін талдауға бағытталған. Зерттеу барысында педагогикалық өлшемдерде жасанды интеллектіні енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ оны тиімді пайдалану үшін қажетті бірлескен тәсілдер мен құрылымдар талданды. Авторлар TRACK (Technological Pedagogical Content Knowledge) және AI-TPACK моделі аясында педагогикада цифрлық технологияларды қолданудың теориялық негіздері қарастырылып, мектеп мұғалімдерінің технологиялық, педагогикалық және мазмұндық құзыреттіліктерін интеграциялау жолдары айқындалды. Оң аспектілерінен бөлек негізгі кедергілер мен тәуекелдер қарастырылды. Зерттеу жұмысы үш негізгі кезеңнен тұрды: диагностикалық, тәжірибелік және қорытынды. Эксперименттік кезеңде педагог-психолог цифрлық технологиялар арқылы тест Спилбергер мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында 212 оқушыдан тест алынды, білім беру үрдісінде цифрлық құралдардың қаншалықты тиімді немесе тиімсіз екендігі дәлелденді. Нәтижесінде мақала білім беру процесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні тиімді пайдалану оқыту сапасын арттырып, мұғалімнің кәсіби қызметіне оң ықпал ететіні дәлелденді.
All site content, except where otherwise noted, is licensed under a