SOCRATIVE ОНЛАЙН ПЛАТФОРМАСЫН БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША 11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.4.4.008

Кілт сөздер:

бағалаудың цифрлық құралдары, Socrative, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, қашықтан оқыту, академиялық адалдық, педагогикалық зерттеу, онлайн-платформа, академиялық үлгерім, оқу нәтижелері, биология сабақтары.

Аңдатпа

Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында оқу үдерісінің тиімділігін арттырып, білім алушыларға жекелендірілген көзқарасты қамтамасыз ететін онлайн бағалау құралдарының маңызы арта түсуде. Мақалада «Биология» пәні бойынша жоғары сынып оқушыларының білімін қалыптастырушы және жиынтық бағалау құралы ретінде Socrative онлайн-платформасын қолдану тәжірибесі қарастырылады. Жүргізілген педагогикалық эксперимент дәстүрлі күндізгі форматта (2019-2020 оқу жылының 1-3 тоқсандары) орындалған жиынтық жұмыстардың (БЖБ және ТЖБ) нәтижелерін COVID-19 пандемиясы кезеңінде Socrative платформасын пайдаланып қашықтан оқыту форматында алынған нәтижелермен (4-тоқсан) салыстыруды қамтыды. 51 оқушының сандық деректерін талдау бағалау нәтижелерінде статистикалық тұрғыдан айтарлыйқтай секірістердің болмағанын көрсетті; бұл онлайн ортадағы бағалаудың объективтілігі мен сенімділігін, сондай-ақ білім алушылар тарапынан академиялық адалдық қағидаттарының сақталғанын айғақтайды. Сонымен қатар, платформа сыныпта да, үй жағдайында да белсенді пайдаланылды, бұл оқушылардың дербестігі мен белсенді қатысуын арттыруға ықпал етті. Мұғалім жеке жұмыстарды PDF форматында жүктеп алып, сапалы тексеру жүргізуге, жан-жақты кері байланыс беруге және жиі кездесетін қателерді анонимді түрде талқылауға мүмкіндік алды; бұл қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға жәрдемдесті.

Зерттеу нәтижелері Socrative платформасының әмбебап бағалау құралы ретіндегі жоғары тиімділігін, сондай-ақ оның аралас және қашықтан оқыту жағдайында қолдануға болатындығын растайды. Қорытынды бөлімде платформаны күнделікті педагогикалық практикаға интеграциялау бойынша практикалық ұсынымдар берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-05

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ