ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ТӘЖІРИБЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.4.4.002

Кілт сөздер:

функциональная грамотность, когнитивные навыки, параметры, читательская грамотность, международный стандарт, контекст, формат, стратегии чтения

Аңдатпа

Әлемдік контексте функционалды сауаттылық қазіргі қоғам өміріне дайындаудың негізгі параметрлерінің бірі ретінде қарастырылады. Осы бағытта аталмыш мақалада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Педагогикалық өлшеулер орталығы» әзірлеген оқушылардың функционалды сауаттылығының қалыптасу деңгейін бағалауға арналған тест жобасы PISA зерттеуіне дайындауда маңызды тәжірибенің бірі ретінде қарастырылып, оның нәтижелерін тиімді пайдалану оқушылардың қажетті ақпаратты алу, оны түсіндіру және пайдалану, сыни талдау және өмірлік жағдайларда қолдану сияқты функционалды дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтап, оларды меңгертудегі проблемалық сәттерді айқындауға ықпал ететін маңызды зерттеу екендігіне баса назар аударылады. Сондай-ақ мақалада нәтижелерді талдау арқылы оқу процесін жетілдіруге және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қабылданатын қажетті шаралар мен оқу сауаттылығын қалыптастырудың маңызды параметрлері, тиімді жолдары қарастырылған. Авторлар оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған оқылым тапсырмаларын, мәтіндерді, когнитивті дағдыларды, оқу стратегияларын дұрыс таңдауға қатысты тәжірибелерімен бөлісіп, зерттеу қорытындысы негізінде нұсқаулық бере отырып, оқылым тапсырмаларын дұрыс құрастыру – күтілетін нәтижеге жетудің басты кепілі екендігіне баса назар аударады.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-05

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ