ҰБТ: ТЕСТІЛЕУДЕН ЦИФРЛЫҚ БАҒАЛАУ ПЛАТФОРМАСЫНА

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.4.4.007

Кілт сөздер:

Бірыңғай ұлттық тестілеу, цифрландыру, білім беру аналитикасы, білім беру сапасы, Big Data

Аңдатпа

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) Қазақстанның білім беру жүйесінің негізгі элементі болып табылады, ол жоғары білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Зерттеудің өзектілігі білім беруді цифрландыру міндеттерімен және бағалау рәсімдерін жетілдіру қажеттілігімен негізделген. Жұмыстың мақсаты – емтиханның ашықтығын, объективтілігін және сапасын арттыру үшін оны оңтайландыру бағыттарын анықтау мақсатында ҰБТ-ны қалыптастыру және өткізу саясатына талдау жасау. Кешенді тәсіл қолданылды: нормативтік-құқықтық базаға, 2023-2025 жылдардағы статистикалық деректерге талдау, салыстырмалы және контент-талдау. Нәтижелер ҰБТ-ның нормативтік-технологиялық деңгейде трансформацияланғанын, оның ішінде цифрлық шешімдерді (бірегей нұсқаларды генерациялау, биометрия, бейнемониторинг) енгізуді, сондай-ақ Big Data құралы ретінде Dashboard-ты пайдалануды көрсетті. Қатысушылар санының 34,8%-ға өскені атап өтілді және проблемалық аймақтар анықталды, мысалы, «Математика-Физика» бейіні бойынша нәтижелердің төмендеуі. ҰБТ білім беру сапасын басқарудың цифрлық платформасына айналды. Даму перспективалары психометриялық талдаумен, бейімдік тестілеуді енгізумен және кәсіптік бағдар беру жүйелерімен интеграциялаумен байланысты. Бұл ғылыми жұмыс академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін технологиялық инновацияларды тұрақты мониторингілеудің маңыздылығын көрсетеді. Бағалау жүйесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу Қазақстан Республикасындағы ұлттық тестілеуді дамытудың келесі логикалық кезеңі болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-05

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ