МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ТЕСТТІҢ ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ: РАШ МОДЕЛІ НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2026.5.1.003

Кілт сөздер:

ҰБТ, Раш моделі, психометриялық талдау, тапсырмалардың қиындығы, тесттің сенімділігі, валидтілік

Аңдатпа

Мақалада Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) шеңберінде математика пәні бойынша апробациядан өткен тест  тапсырмаларына жүргізілген психометриялық талдау нәтижелері ұсынылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – тесттің өлшеу сипаттамаларын бағалау, жеке тапсырмалардың жұмыс істеу ерекшеліктерін  анықтау және тест нәтижелерінің сенімділігі мен валидтілігін қамтамасыз ету. Талдау барысында бір параметрлі Раш моделі (Rasch model) қолданылды. Бұл тәсіл тапсырмалардың  күрделілігі мен қатысушылардың дайындық деңгейін бір шкалада қарастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар тесттің сапасын объективті және дәл бағалауға жағдай жасайды. Раш моделі тесттің әрбір элементінің қатысушылар арасындағы айырмашылықты қаншалықты дұрыс көрсететінін анықтауға көмектеседі. Зерттеу деректері ретінде  математика пәні бойынша бір тест нұсқасының апробациясына қатысқан 326 тестіленушінің нәтижелері пайдаланылды.  Мәліметтер WINSTEPS бағдарламасында (5.8.3.0 нұсқасы) өңделіп,  тапсырмалардың күрделілігі, қатысушылардың қабілет деңгейі, модельге сәйкестік көрсеткіштері (Infit/Outfit MNSQ, ZSTD), дискриминативтілігі және тесттің сенімділігі анықталды. Нәтижелер тесттің жалпы алғанда сенімді екенін көрсетті.  Сонымен қатар, жекелеген тапсырмалар бойынша мазмұндық және құрылымдық түзетулер қажет екендігі анықталды. Мұндай жетілдірулер тест нәтижелерінің дәлдігін арттыруға, әртүрлі дайындық деңгейіндегі қатысушыларды неғұрлым дұрыс саралауға және тестті қолдану тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ