ҰБТ-ДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨЛШЕУ МОДЕЛІНІҢ ВАЛИДТІЛІГІ: КОГНИТИВТІ ДЕҢГЕЙЛЕР МЕН СТАНДАРТТАРДЫ ВЕРИФИКАЦИЯЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2026.5.1.001

Кілт сөздер:

ҰБТ, қазақ тілі, валидтілік, Раш моделі, Блум таксономиясы, QTI стандарты

Аңдатпа

Бұл зерттеу Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) «Қазақ тілі» бейіндік пәні бойынша қолданылатын өлшеу моделінің валидтілігін талдауға бағытталған. Зерттеудің өзектілігі елімізде жоғары оқу орындарына түсу емтиханының білім сапасын басқарудағы стратегиялық рөлімен айқындалады. Зерттеу мақсаты тест мазмұнының оқу бағдарламасына сәйкестігін, когнитивтік деңгейлердің теңгерімін және психометриялық сапасын бағалау болып табылады. Мазмұндық салыстыру мен Блум таксономиясы бойынша когнитивтік верификация, сондай-ақ Раш моделіне негізделген психометриялық талдау (N=257) әдіснамалық негіз ретінде қолданылды. Нәтижелер тесттің мазмұндық тұрғыдан оқу бағдарламасына жалпы сәйкес келетінін және ішкі сенімділік көрсеткішінің жоғары екенін көрсетті (Reliability = 0,81; Разделение элементов = 7,58). Тапсырмалардың 70%-ы төменгі ретті ойлау дағдыларына (білу, түсіну) тиесілі болса, жоғары деңгейдегі талдау, бағалау және жинақтау дағдылары 10%-дан аз үлесті құрайды. Тапсырмалар қиындығы -2,89-дан +1,77 логитке дейінгі кең ауқымды қамтиды, алайда айнымалылар картасы жоғары қабілетті талапкерлер (+1,5 логиттен жоғары) үшін тапсырмалар тапшылығын айқын көрсетті. Қорытындылай келе тесттің конструкттық валидтілігін арттыру үшін жоғары когнитивтік деңгейдегі тапсырмалар үлесін ұлғайту, QTI стандарты негізінде интерактивті форматтарды енгізу және компьютерлік бейімделген тестілеу технологиясына кезең-кезеңімен көшу ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ