КӘСІПТІК ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ФИЗИКАНЫ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ МАҚСАТЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ПСИХОМЕТРИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2026.6.2.007

Кілт сөздер:

физика, жасанды интеллект, педагогикалық өлшемдер, психометрикалық талдау, білім нәтижелерін бағалау, цифрлық білім беру

Аңдатпа

Мақалада кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде физиканы тереңдетіп оқыту үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың тиімділігі қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – жасанды интеллект негізіндегі оқыту құралдарының білім алушылардың оқу жетістіктеріне, пәндік құзыреттіліктерінің қалыптасуына және танымдық белсенділігінің артуына әсерін анықтау, сондай-ақ алынған нәтижелерді психометриялық талдау арқылы бағалау. Зерттеу барысында эксперименттік және бақылау топтарының оқу нәтижелері салыстырылып, білім жетістіктерін бағалауға арналған тест тапсырмаларының сенімділігі мен валидтілігі зерттелді. Оқыту үдерісінде жасанды интеллектке негізделген бейімделген тапсырмалар, виртуалды зертханалар, дербес тұрғыдағы оқыту элементтері және интеллектуалды кері байланыс құралдары пайдаланылды. Нәтижелер жасанды интеллект технологияларын қолдану - білім алушылардың пәндік білім деңгейін, есеп шығару дағдыларын, физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіну сапасын, сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін, зерттеушілік мәдениетін және өздігінен білім алу дағдыларын арттыратынын көрсетті. Сонымен қатар, білім алушылардың оқу ынтасының жоғарылағаны және оқу материалына қызығушылығының артқаны анықталды. Психометриялық талдау тест нәтижелерінің жоғары сенімділігін растады (Cronbach α = 0,87). Зерттеу қорытындылары жасанды интеллект технологияларының физиканы оқыту сапасын арттыруда, оқу үдерісін жетілдіруде және білім алушылардың академиялық жетістіктерін жақсартуда маңызды педагогикалық құрал болып табылатынын дәлелдейді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-19

Журналдың саны

Бөлім

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІ БАҒАЛАУДАҒЫ ИННОВАЦИЯ