ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА СПОРТ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2026.6.2.002

Кілт сөздер:

функционалдық сауаттылық, физиканы оқыту, спорт мектептері, оқытуды кіріктіру, тәжірибеге бағдарланған оқыту

Аңдатпа

Мақала спорт мектептері оқушыларының физиканы оқыту үдерісінде функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесіне арналған. Зерттеудің өзектілігі білім алушылардың физикалық білімдерін спорттық іс-әрекетте де, күнделікті өмірде де туындайтын практикалық міндеттерді шешуде қолдана білу қабілетін дамыту қажеттілігімен айқындалады. Қарастырылып отырған мәселенің маңыздылығы физикалық заңдылықтардың спорт түрлерінің басым көпшілігінің негізінде жатуымен және олардың қозғалыс биомеханикасында, аэродинамикалық үдерістерде, сондай-ақ энергия мен импульстің сақталу заңдарының көрініс табуымен анықталады. Зерттеу барысында оқу материалының мазмұнын білім алушылардың спорттық іс-әрекетімен ықпалдастыруға негізделген физиканы оқыту әдістемесі әзірленіп, тәжірибелік тұрғыдан сынақтан өткізілді. Спорт мектептері оқушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері айқындалып, функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың когнитивтік, іс-әрекеттік және құндылық-мотивациялық компоненттерді қамтитын моделі жасалды. Оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастыру қағидаттары мен жоспарланған білім беру нәтижелері анықталды. Әзірленген модельді іске асыру арнайы дайындалған физиканы оқыту әдістемесі арқылы жүзеге асырылды. Мысал ретінде 9-сынып физика курсының «Түзусызықты қозғалыс кинематикасы» тақырыбы қарастырылды. Педагогикалық эксперимент нәтижелері ұсынылған тәсілдің тиімділігін және оның спорт мектептері оқушыларына физикалық білім беруді жетілдірудегі әлеуетін көрсетті. Әзірленген әдістемені қолдану функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруға, білім алушылардың танымдық белсенділігін дамытуға және ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-19

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ