ФИЗИКА ПӘНІНДЕГІ КҮРДЕЛІ ТАҚЫРЫПТАРДЫ ОҚЫТУ КОНТЕКСІНДЕ ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ ДАҒДЫЛАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІ
DOI:
https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2026.6.2.005Кілт сөздер:
физика пәні, ғылыми таным дағдылары, ғылыми сауаттылық, бағалау , құрылымдық-мазмұндық модель, PISA , физиканы оқыту әдістемесіАңдатпа
Мақалада физика пәніндегі күрделі тақырыптарды оқыту контексінде ғылыми таным дағдыларын бағалаудың құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі халықаралық PISA зерттеулерінің нәтижелері мен Қазақстандағы білім сапасының көрсеткіштеріне негізделді. Соңғы жылдары жаратылыстану сауаттылығы көрсеткіштерінің салыстырмалы өсуіне қарамастан, қазақстандық оқушылардың ғылыми білімді түсінуі, қолдануы және ғылыми дәлелдермен жұмыс істеу дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспағаны байқалады. Сонымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері (ҰБТ) физика пәнінің күрделі тақырыптарын меңгеруде оқушылардың елеулі қиындықтарға тап болатынын көрсетеді. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерге, халықаралық және отандық зерттеулерге салыстырмалы талдау жүргізілді. Эмпирикалық база ретінде 2022-2026 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалы (БАҰО АҚФ) Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтында физика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын әзірлеу және өткізу тәжірибесі пайдаланылды. Зерттеуде әдебиеттерді талдау, сауалнама жүргізу, педагогикалық бақылау, құжаттарды зерделеу, тестілеу және модельдеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде физика пәніндегі күрделі тақырыптарды оқыту барысында ғылыми таным дағдыларын бағалаудың құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленді. Біздер ұсынған модель - физикалық құбылыс, физикалық ұғым, физикалық шама, физикалық заң, заңның математикалық аппараты, физикалық эксперимент және техника мен тұрмыста қолданылуы сияқты өзара байланысты 7 компоненттен тұрады. Осы компоненттердің игерілу деңгейін анықтау үшін тапсырмалар банкі, ғылыми танымдық индекс – ҒТИ, бағалау критерийлері құрастырылды. Ұсынылған модель физикалық білім мазмұнын жүйелі құрылымдауға, физика пәні мұғалімдерінің жетік компонентті жүйелі қолдануы арқылы оқушылардың ғылыми таным әрекеттерін басқаруға және кешенді бағалауға және физика пәнінің күрделі тақырыптарын меңгеру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектептерде физиканы оқыту тәжірибесінде және педагогтердің кәсіби даму жүйесінде қолдануға ұсынылады.
All site content, except where otherwise noted, is licensed under a