ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУДІ ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ: ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАҒАЛАУ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2026.7.3.003

Кілт сөздер:

ТЖКББ жүйесі, психометриялық талдау, Кронбах альфасы, қиындық индексі, дистракторлық талдау, бағалау сапасы

Аңдатпа

Бұл зерттеу Индустрия 4.0 жаһандық сын-қатерлері мен білім беруді цифрландыру жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру (ТЖКББ) ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін бағалау сапасын арттыру мәселелеріне арналған. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығы аясындағы реформалар контексінде «Педагогика» және «Психология» пәндері бойынша тестілеу құралдарын психометриялық талдаудың (макро және микродеңгейде) ғылыми-әдістемелік маңызы негізделген. Зерттеу барысында Классикалық тест теориясының (CTT) негізгі көрсеткіштері - Кронбах альфасы (alpha), валидтілік, тапсырманың қиындық деңгейі (P), саралау коэффициенті (D) және дистракторлардың тиімділігі бойынша 280 қатысушы мен 50 тест тапсырмасының тестілеу нәтижелеріне математикалық-статистикалық талдау жүргізілді. Германия, Ұлыбритания, Сингапур және АҚШ-тың халықаралық бағалау модельдерімен салыстырмалы талдау жасалып, отандық бағалау жүйесін модернизациялау бағыттары айқындалды. Психометрикалық мониторинг тест сапасын арттыруға, екіұшты сұрақтар мен жұмыс істемейтін дистракторларды жоюда жоғары тиімділік көрсетті. Зерттеу нәтижелері тест тапсырмалары банкін сапалы жаңартуға, педагогтердің «профильдік кемшіліктерін» анықтауға және біліктілікті арттыру курстарын мақсатты жоспарлауға мүмкіндік береді. Осылайша, психометриялық сүзгі ТЖКББ жүйесіндегі бағалаудың объективтілігі мен академиялық адалдығының негізгі кепілі ретінде дәлелденді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-28

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ