ТІЛДІК ТЕСТІЛЕУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.1.1.009

Кілт сөздер:

цифрландыру, тілдік тестілеу, жасанды интеллект, қашықтықтан емтихан, ашық типтегі тапсырмалар

Аңдатпа

Цифрландыру - бұл адам қызметінің түрлі салаларына: күнделікті тұрмыстан бастап, өндіріс пен бизнеске, соның ішінде білім беру мен білімді бақылау жүйелеріне терең әсер ететін негізгі процестердің бірі. Цифрландыру тестілеудің сапасын жақсартуға, қолжетімділікті арттыруға және пайдаланушылардың кең ауқымы үшін ыңғайлылықты қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл баяндаманың мақсаты - тілдік тестілеудің цифрландырылуы арқылы пайда болатын тенденциялар мен мүмкіндіктерді кешенді түрде талдау, сондай-ақ оның қазіргі жағдайдағы тілдік дағдыларды дайындау мен бағалау процестеріне тигізетін әсерін зерттеу. Жұмыста электронды тестілеуге «Жазу» және «Сөйлеу» субтесттері бойынша ашық типті тапсырмаларды енгізудің маңыздылығына баса назар аударылады, себебі бұл респонденттердің коммуникативтік құзыреттілігін барынша объективті бағалауға мүмкіндік береді. Осы субтесттер бойынша онлайн тестілеу мен жауаптарды қашықтықтан бағалаудың сәтті практикалық тәжірибесі көрсетіледі. Сонымен қатар, мақалада тілдік тестілеуде жасанды интеллектіні қолдану жолдары, оның артықшылықтары мен қиындықтары қарастырылады. Авторлар инновациялық тәсілдер халықаралық стандарттарға сай келетін неғұрлым икемді әрі сенімді бағалау жүйесін құруға ықпал етеді деген қорытындыға келеді. Бұл зерттеу ұлттық тілдік тестілеу жүйелерін одан әрі жаңғырту үшін маңызды стратегиялық мәнге ие.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-28

Журналдың саны

Бөлім

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІ БАҒАЛАУДАҒЫ ИННОВАЦИЯ