ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ Z БУЫНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ МЕҢГЕРУДЕГІ ҚАЛАУЛАРЫ: ОНЛАЙН САУАЛНАМАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2026.7.3.004

Кілт сөздер:

Z буыны, тілдік оқыту, студенттердің қалауы, Қазақстандық университеттер, тілдік оқытудағы әлеуметтік желілер, білім берудегі ЖИ

Аңдатпа

Бұл зерттеу Қазақстандық Z буыны студенттерінің (17-18 жас аралығындағы бірінші курс студенттері) ағылшын тілін шет тілі ретінде оқуда қалауларын талдайды. Бұл зерттеудің мақсаты – Z ұрпағының өкілдері, бірінші курс студенттерінің (17-18 жас) ағылшын тілін шет тілі ретінде оқудың таңдаулы әдістері туралы пікірлерін, сондай-ақ олардың қызығушылығы мен білім беру процесіне қатысуына әсер ететін факторларды анықтау. Зерттеу жұмысының эмпирикалық негізі: сипаттамалық статистика және ашық жауаптардың сапалық талдауы арқылы талданған 93 студенттің онлайн сауалнамасы.Студенттердің ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығына және сабақтағы белсенділігіне әлеуметтік желілердің, интерактивті/визуалды құралдардың, жасанды интеллекттің әсері, сондай-ақ оқу мінез-құлқының сипаттамаларына – уақытты басқару мен зейін қою және кері байланысқа ерекше назар аударылады. Нәтижелер студенттердің көрнекі және интерактивті құралдарға, әлеуметтік желілерге және сандық құралдарға деген көзқарасын талдайды: студенттер қысқа тапсырмаларды және жылдам кері байланысты қалайды, бұл олардың динамикалық оқу стиліне өте жақсы сәйкес келеді. Жасанды интеллектке деген көзқарастары аралас – олар оның артықшылықтарын мойындайды, бірақ өздерінің дербестігі мен сыни ойлау қабілеттерінің төмендеу мүмкіндігінен қорқады. Қорытындыда ағылшын тілін оқыту үрдісін және бағдарламасын «зумерлардың» сандық әдеттеріне бейімдеу уақыты келді деп атап көрсетілген. Оқу бағдарламаларына арналған ұсыныстар мен технологияны тілдік білім беруге интеграциялау практикалық құндылық болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-28

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ