ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫНДА КӘСІБИ ЖӘНЕ ЖҰМСАҚ ДАҒДЫЛАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ МЕН ӨЛШЕМДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2026.7.3.006Кілт сөздер:
педагогикалық практика, hard skills, soft skills, болашақ мұғалімдер, бағалау, рефлексия, педагогикалық колледжАңдатпа
Мақалада педагогикалық колледж студенттерінің педагогикалық практика барысында қалыптасатын кәсіби (hard skills) және жұмсақ (soft skills) дағдыларын бағалаудың педагогикалық шарттары мен өлшемдері қарастырылады. Зерттеу бойынша алынған студенттердің кәсіби құзіреттілігін, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, рефлексивтік дағдыларын анықтауға бағытталған бағалау критерийлері мен көрсеткіштері ұсынылады. Зерттеудің мақсаты - студенттердің жас ерекшелігін ескере отырып, осы дағдыларды бағалаудың педагогикалық шарттарын негіздеу, өлшемдері мен көрсеткіштерін нақтылау. Зерттеуде ғылыми әдебиеттерді талдау, сауалнама, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, педагогикалық бақылау және модельдеу әдістері қолданылды. Эмпирикалық деректер Астана және Қызылорда қалаларындағы педагогикалық колледждерде, 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2024-2026 жылдары жинақталды. Зерттеу барысында педагогикалық практикаға арналған дағдылар картасы әзірленіп, hard skills пен soft skills-ті бағалаудың құрылымдық компоненттері мен критерийлері айқындалды. Практикаға дейінгі және кейінгі өзін-өзі бағалау нәтижелері студенттердің бірқатар дағдылары бойынша оң өзгерісті көрсетті; топтық рефлексия олардың әрі қарай кәсіби дамуына қажет бағыттарды нақтылауға мүмкіндік берді. Ұсынылған өлшемдер педагогикалық практика үдерісінде студенттердің кәсіби және тұлғалық әлеуетін кешенді бағалауды қамтамасыз етеді.Бағалау нәтижелері студенттердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және педагогикалық қызметке бейімделу үдерісін жетілдіруге негіз боладыі.
All site content, except where otherwise noted, is licensed under a