ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚТАҒЫ ОҢ МҮМКІНДІКТЕР МЕН ЫҚТИМАЛ ТӘУЕКЕЛДЕР
Кілт сөздер:
Жасанды интеллект, ҰБТ, онлайн-білім беру, виртуалды репетиторлар, емтиханға дайындық, білім беру технологиялары, білім беру теңсіздігі, этикаАңдатпа
Бұл мақалада жасанды интеллект (ЖИ) ҰБТ-ға дайындық процесіне әсері тереңірек талданып, оның оң мүмкіндіктер ашатынымен қатар ықтимал тәуекелдер тудыратыны ескертіледі. ЖИ құралдарының – онлайн-платформалар, чат-боттар, виртуалды репетиторлар – артықшылықтары мен кемшіліктері, олардың білім сапасына, тестіленушілердің ақпаратқа қол жеткізуіне, сонымен қатар білім беру теңсіздігіне әсері нақты мысалдармен ұсынылады. Мақалада білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдаланудың нақты ұсыныстары ұсынылып, оның мүмкіндіктері толық ашылып, қауіп-қатерлерден сақтану жолдары көрсетілген. Жүргізілген зерттеу нәтижелері білім беруде жасанды интеллект технологияларын сауатты және жауапкершілікпен қолданудың маңыздылығын дәлелдеп, заманауи білім берудің жаңа келешегін ашады. Бұл мақалада жасанды интеллектің (ЖИ) Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық процесіндегі рөлі қарастырылады. ҰБТ – Қазақстандағы жоғары оқу орындарына түсу үшін маңызды кезең. ЖИ технологиялары оқушылардың білім деңгейін, дайындық ерекшеліктерін талдау арқылы оңтайлы оқу материалдарын ұсынуға, бейімделгіш оқыту жүйелерін құруға және ҰБТ-ға тиімді дайындықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мақалада ЖИ-дің ҰБТ-ға дайындықтағы артықшылықтары, қиындықтары және болашақ перспективалары талқыланады. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – Қазақстан Республикасындағы мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсудің негізгі жолы. ҰБТ-ға дайындық – күрделі және жауапты процесс, ол оқушылардан көп күш-жігер мен уақытты талап етеді. Дәстүрлі дайындық әдістері көбінесе барлық оқушыларға бірдей тәсілді қолданады, бұл олардың әртүрлі қажеттіліктерін ескермеуге әкеледі. Жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары ҰБТ-ға дайындық процесін жекешелендіруге және бейімдеуге мүмкіндік береді, бұл оқушылардың нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді. Сонымен бірге мақалада жасанды интеллектті ҰБТ-ға дайындық кезінде пайдаланудың жағымды жақтарымен қатар, оның ықтимал тәуекелдері де тереңірек талданып, нақты мысалдармен ұсынылады.