ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ҰБТ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.1.1.001Кілт сөздер:
ҰБТ, психометриялық талдау, валидттілік, сенімділік, Rash моделі, дистракторлық талдауАңдатпа
Бұл зерттеуде Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді жаңғырту» (бұдан әрі - ДБ) жобасы аясында жүргізілген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) жүйесіне кешенді психометриялық талдауы ұсынылады. Зерттеу келесі үш негізгі компонентті біріктіретін көп деңгейлі тәсілге негізделген: халықаралық тестология стандарттарына сәйкес 350 тест әзірлеушіні кәсіби даярлау; 15 пән бойынша 8 848 тест тапсырмасының базасын құру және психометриялық валидация; қосымша аналитикалық әдістерді қолдану (CTT және Rash модельдері). Зерттеудің негізгі нәтижелері әзірленген құралдардың психометриялық сәйкестігінің жоғары деңгейін көрсетеді: тапсырмалардың 90,7%-ы валидтілік пен сенімділік критерийлеріне сәйкес келеді. Пәндік салалар мен тесттердің тілдік нұсқалары арасындағы сенімділік көрсеткіштерінен статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталды, бұл когнитивті-лингвистикалық факторларды ескере отырып, одан әрі зерттеуді қажет етеді. Тапсырмалардың саралау қабілетін және дистракторлық аппараттың тиімділігін талдауға ерекше назар аударылады. Нәтижелер тест материалдарын әзірлеудің әдіснамалық тәсілдерінің дұрыстығын және олардың пәндік дайындық деңгейі бойынша субъектілерді сенімді түрде саралау қабілетін растайды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы одан әрі зерттеулер жүргізу және осы салада ұсыныстар әзірлеу үшін негіз қалайды. Зерттеу психометрия саласындағы мамандарды, тест материалдарын әзірлеушілерді және білім беру жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдірумен айналысатын білім беру саласындағы саясаткерлерді қызықтырады.
All site content, except where otherwise noted, is licensed under a