ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ РӨЛІ

Авторлар

Кілт сөздер:

ұлттық бірегейлік, білім беру мекемелері, тарих, тарих оқулықтары, әлеуметтік келісім, көпэтносты қоғам

Аңдатпа

Ұлттық бірегейлік – заманауи қоғамның негізгі ұстыны, ол ортақ тарихты, мәдениетті, құндылықтар мен дәстүрлерді біріктіретін ұжымдық сана ретінде танылады. Жаһандану жағдайында мәдени шекаралар барған сайын өзгеріп, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және сақтау мемлекеттер үшін, әсіресе, өздерінің бірегей мұрасын қорғауды көздейтін елдер үшін өте маңызды. Ұлттық бірегейлікті нығайту азаматтар арасындағы татулықты, бірлік пен ынтымақтастықты арттырып, әлеуметтік келісімді және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл мақалада ұлттық бірегейліктің қоғамды біріктіру тұрғысындағы маңызы және оның қалыптасуына әсер ететін факторлар жан-жақты талданады. Орта білім беру мекемелерінің, соның ішінде тарих пәні оқулықтарының, жас ұрпақтың тарихи санасын және ортақ құндылықтарға деген құрметін қалыптастырудағы ролі ерекше атап көрсетіледі. Оқулықтарда іріктелген тарихи оқиғалар мен тұлғалар жайлы баяндау ұлттық мақтаныш сезімін оятып, жастардың өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған. Бұл тәсіл көпэтносты ортада бірлік пен ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді.

Мақалада бірегейлікті нығайтудағы білім беру саясатының маңызы да сөз етіледі. Жас буынға тарихи сананы сыни ойлау арқылы игеруге мүмкіндік беру маңызды. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтау мен біртұтас азаматтық сананы қалыптастырудың арасында тепе-теңдікті сақтау қажеттігі атап өтіледі. Бір жағынан, жоғары деңгейде идеализациялау шынайы тарихты бұрмалауға әкелсе, екінші жағынан, этникалық топтардың ерекшеліктерін тану және құрметтеу қоғам бірлігін арттыра түседі.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-26

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ