ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ, КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ МЕН СТАНДАРТТАР
Keywords:
педагогтерді аттестатциядан өткізу, біліктілік талаптары, Педагогтердің білімін бағалауAbstract
Мақалада педагогтердің құзыреттілігін мемлекеттік реттеу мәселесі қарастырылады. Осыған байланысты барлық педагогтер, әдіскерлерді аттестаттау бес жылда бір реттен сиретпей өткізілсе, ал білім беру ұйымдарының басшылары атқаратын лауазымына сәйкестігін растау үшін үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Сондай-ақ, біліктілік санатын көтеру үшін мерзімінен бұрын аттестаттау белгіленген талаптарға сәйкес өтуге болады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттау облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі, білім беру саласындағы уәкілетті орган деңгейінде жүргізіледі. Аттестаттаудың мақсаты олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау болып табылады.
Аттестаттау үдерісін қазіргі білім сапасын бағалау жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында, аттестаттаудың маңызды кезеңі ретінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған Педагогтердің білімін бағалау (бұдан әрі – ТжКББ ПББ) енгізілді. Педагогтердің білімін бағалау білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тест бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;. Бұл кезең жекелеген өңірлер деңгейінде ғана емес, бүкіл республика бойынша мониторингтік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. 2020 жылдан бастап Техникалық және кәсіптік білім беруді басқарудың педагогикалық білім беретін бөлімі (ТжКББ ПББ) компьютерлік тестілеу түрінде өткізіледі, бұл педагогтардың білімін анағұрлым объективті және дәл бағалауға мүмкіндік береді. Халықаралық тәжірибемен салыстырғанда, компьютерлік тестілеу жүйесі білім беру сапасын арттыруға, педагогтар мен білім алушылардың нәтижелерін тиімді мониторингтеуге және білім беру процесін басқаруда жаңа мүмкіндіктер ашады. Тест жүйесі педагогтар мен білім алушылардың нақты білім деңгейін анықтауға, қателіктерді уақытында түзеуге және оқу үрдісін жеке тұлғаға бейімдеуге бағытталған.