ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТЕСТ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ СИПАТТАМА
Keywords:
Қазақстандық бағалау жүйесі, бағалау құралдары, оқу сауаттылығы, тест тапсырмалары, мәтінмен жұмысAbstract
Қазақстандық білім сапасын бағалау жүйесі тест тапсырмаларын әзірлеуде көп жылғы тәжірибесі негізінде педагогикалық өлшеулер саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Бұл шолу мақалада халықаралық ұйымдар мен шетелдік тест компанияларының тәжірибелері зерделеніп, функционалдық сауаттылықтың жетекші факторларының бірі – оқу сауаттылығы бойынша тестілеу процесіндегі оң өзгерістер мен жаңашыл әдістерді қолдану туралы айтылады. Сонымен қатар оқу сауаттылығы жеке тұлғаның және жалпы қоғамның дамуындағы маңызды факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Оқу сауаттылығы – білім алудың негізі және адам өмірінің әр кезеңінде қажет болатын дағды болып есептеледі. Сондықтан білім алушылар үшін бұл қабілет олардың болашақ кәсіби және әлеуметтік табыстылығына тікелей әсер ететіні сөз етіледі. Оқу сауаттылығының жеке тұлға мен қоғам өміріндегі рөлінің ерекше маңызы сипатталады. Мақалада оқу сауаттылығы жеке деңгейде адамның өзін-өзі дамытуына, танымдық қабілеттерін арттыруына және сыни ойлау дағдыларын жетілдіруге ықпал ететіндігі, ал қоғамдық деңгейде бұл – білімді, мәдениетті және ақпараттық қоғам құрудың басты құралы екендігі назарға алынады. Сондықтан оқу сауаттылығына арналған тест тапсырмаларының сапасын халықаралық жалпыға бірдей танылған стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету аса маңызды. Соған сәйкес мақалада халықаралық шетелдік тест компанияларының тапсырмаларына сипаттама беріліп, оқу сауаттылығының отандық жүйесі туралы айтылады.