ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДЕГІ МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША СӘЙКЕСТІКТІ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.3.3.001Кілт сөздер:
ҰБТ, тест тапсырмасы, мультимедиялық элементтер, тестіленуші, бағалау, математика, спецификация, тест тапсырмасын әзірлеу, сәйкестікті анықтау.Аңдатпа
Зерттеуде Ұлттық бірыңғай тестілеу шеңберінде тест тапсырмаларын енгізу мәселелері қарастырылады. Негізгі назар тестілердің құрылымы мен мазмұнын жақсартуға аударылған, бұл студенттердің білімдерін тереңірек бағалауға және олардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған. Зерттеу барысында қолданыстағы тестілеу әдістері талданып, арнайы пәндер бойынша білім тереңдігін бағалауға бағытталған жаңа тапсырмалар әзірленіп, енгізілді. Мақалада мультимедиялық элементтері бар тест тапсырмалары сәйкестікті анықтауға арналған жаңа тест тапсырмалары қарастырылады. Сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмалары ақпаратты талдау және салыстыру дағдыларын тексеру, сыни ойлауды дамыту және элементтер арасындағы логикалық байланыстарды орнату қабілетін бағалау мақсатында қосылған. Сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмалары фактілерді білуді ғана емес, олардың арасындағы өзара байланысты түсінуді де тексеруге мүмкіндік береді, бұл оқушылардың білімін кешенді бағалауға және ақпаратты әртүрлі контекстерде қолдана алу қабілетін дамытуға ықпал етеді. Авторлар математика пәні бойынша сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмаларын сипаттап, олардың білім деңгейін бағалау жүйесіндегі нақты рөлін ашады. Сонымен қатар, мақалада бұл тапсырмалардың заманауи білім беру жүйесіндегі маңызы мен қажеттілігіне ерекше назар аударылады, олардың оқыту мен бағалаудың жаңа тәсілдеріне ықпал ететіндігі көрсетіледі.
Жаңа форматтағы тест тапсырмаларын апробациялау нәтижелері тестіленушілердің білім тереңдігі мен логикалық дағдыларын бағалауда жоғары тиімділікті көрсетті. Сонымен қатар, тестілердің сенімділігі, күрделілігі, корреляциялық сипаттамалары және басқа да көрсеткіштерді қамтитын статистикалық деректер талданды. Алынған деректер негізінде тестілеуді әрі қарай жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды, бұл Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағалаудың объективтілігі мен тиімділігін арттыруға көмектеседі.
All site content, except where otherwise noted, is licensed under a