ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ: ТЕСТІЛЕУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
Кілт сөздер:
корреляция, оқыту әдістемесі, Педагогтердің білімін бағалау, апробация, статистикаАңдатпа
Бұл мақалада «Оқыту әдістемесі» бөліміндегі педагогтердің кәсіби құзыреттерін бағалауға арналған тест тапсырмаларының сапасына корреляциялық талдау жүргізу нәтижелері қарастырылады. Тестілеудің апробация кезеңінде кейбір тапсырмалардың корреляция коэффициенті төмен (r<0,3) екендігі анықталды. Бұл олардың болжамдық қабілетінің әлсіздігін көрсетіп, тест нәтижелерінің жалпы құрылымымен жеткілікті байланысы жоқ екенін айғақтайды. Мұндай тапсырмалардың қолданылуы педагогтердің нақты білім деңгейін объективті бағалауға кері әсерін тигізуі мүмкін. Тестілеу сапасын арттыру мақсатында сарапшылардың қатысуымен қосымша талдау жүргізіліп, тест тапсырмалары әдістемелік және статистикалық тұрғыдан қайта қаралды. Нәтижесінде әлсіз тапсырмалар модификацияланып, олардың өлшеу дәлдігі мен диагностикалық құндылығы арттырылды. Негізгі тестілеу кезеңінде тест тапсырмаларының статистикалық сипаттамаларының жақсарғаны байқалды, бұл енгізілген өзгерістердің тиімділігін растады. Зерттеу нәтижелері педагогтерге арналған тест тапсырмаларын әзірлеу барысында оқыту әдістемесінің маңыздылығын көрсетеді. Сондай-ақ, тест тапсырмаларын қорытынды тестілеуге енгізбес бұрын олардың психометриялық сипаттамаларына мұқият талдау жүргізудің қажеттілігі дәлелденді. Алынған мәліметтер білім сапасын бағалау, тестология саласындағы мамандарға, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттерін бағалау құралдарын әзірлеушілерге пайдалы болуы мүмкін. Бұл зерттеу мұғалімдердің біліктілігін бағалау жүйесін жетілдіруге, тестілеудің әділдігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Зерттеу нәтижелері педагогтердің кәсіби деңгейін дәл әрі объективті бағалауға мүмкіндік беретін тиімді тест тапсырмаларын жасау қажеттілігін айқындайды.