АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ: МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
DOI:
https://doi.org/10.63597/10.63597/UTO3105-4161.2025.2.2.009Кілт сөздер:
жасанды интеллект, ағылшын тілін оқыту, Duolingo, Babbel, ChatGPT, жекелендірілген оқытуАңдатпа
Зерттеудің мақсаты – Қазақстанда ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдануды талдау. Зерттеудің өзектілігі ағылшын тілін білуге деген сұраныстың артуымен және білім беру үшін жаңа құралдарды ұсынатын ЖИ-дің қарқынды дамуымен байланысты. Зерттеу барысында Duolingo, Babbel, Speechling, Pimsleur, Google Translate, ChatGPT, Grammarly, Quizlet секілді түрлі қосымшалар мен веб-сервистердің оқушылардың тілдік дағдыларын жақсартудағы тиімділігі бағаланды. Аталған технологияларды қолдану әрбір оқушының білім деңгейі мен қажеттіліктеріне бейімделген жекелендірілген оқыту мүмкіндіктерін ұсынады, бұл білім беру сапасының артуына ықпал етеді. Зерттеу шеңберінде оқушылар арасында сауалнама жүргізіліп, аталған цифрлық құралдарға салыстырмалы талдау жасалды, нәтижесінде ең тиімділері анықталды. Зерттеу нәтижелері ИИ негізіндегі қосымшаларды интеграциялау тіл үйренуде мотивация мен үлгерімді едәуір жақсартатынын көрсетті. Сауалнамаға қатысқан қазақстандық оқушылар арасында ең танымал құралдар Duolingo мен Google Translate екені анықталды, ал ChatGPT пен Grammarly сөйлеу дағдыларын дамыту мен жазбаша тілді жетілдірудегі пайдалы мүмкіндіктері үшін жоғары бағаланды. Алынған қорытындылар ЖИ технологияларының әлеуетін растайды және оларды оқу үдерісіне енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
All site content, except where otherwise noted, is licensed under a