ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ (АПРОБАЦИЯ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.3.3.002

Кілт сөздер:

педагогтердің білімін бағалау, психометриялық талдау, апробация, сенімділік, валидтілік, классикалық тест теориясы, Раш моделі

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстанда педагогтердің білімін бағалау рәсімінде (ОББ) қолданылатын математика пәні бойынша тест тапсырмаларының апробациясы барысындағы толық психометриялық талдауы ұсынылған. Зерттеу аттестаттау кезінде қолданылған тесттің үш түрлі нұсқасын салыстырмалы талдауға негізделген. Тапсырмалардың сапасын бағалау және олардың күшті, әлсіз жақтарын анықтау үшін классикалық тест теориясы (КТТ) және қазіргі тест теориясы (IRT), атап айтқанда, Раш моделінің әдістері қолданылды. Жұмыстың мақсаты қолданыстағы бағалау құралдарын бағалаумен қатар, оларды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу болды. Апробация талдауы тесттердің жалпы сенімділігінің жоғары болуына (Cronbach's Alpha коэффициенті 0,84-тен жоғары) және олардың тестіленушілерді дайындық деңгейі бойынша жақсы ажырата білуіне қарамастан, әр нұсқада бірқатар проблемалық тапсырмалар анықталғанын көрсетті. Атап айтқанда, дискриминативтілігі төмен немесе тіпті теріс тапсырмалар, сондай-ақ тиімсіз дистракторлар (қате жауап нұсқалары) анықталды. Апробация барысында анықталған барлық ескертулер ескеріліп, тест тапсырмаларының қорын түзету бойынша кейінгі жұмыстарда жойылды. Бұл бағалау құралдарының жалпы дәлдігі мен валидтілігін арттыруға ықпал етті

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-29

Журналдың саны

Бөлім

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУ