Редакция саясаты
Редакциялық саясат
«Педагогикалық өлшемдер» журналының редакциялық саясаты ақпараттық ашықтық, ғылыми және авторлық жарияланымдардың қолжетімділігі қағидаттарына негізделеді.
bЖурнал нөмірлерінің мұрағаты, журнал туралы ақпарат және оны дайындау мен шығарудың негізгі мәселелері мен процестерін регламенттейтін құжаттама сайтта үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын), ашық қолжетімділікте орналастырылады, журналға кіру және ол туралы ақпарат үшін оқырмандардан ақы алынбайды.
Журналда жарияланған мақалалар CrossRef базасында тіркеледі, олардың әрқайсысына doi индекстері (ағылш. Digital Object Identifier – объектінің цифрлық идентификаторы) және МРНТИ (ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық айдары) оларға Халықаралық ғылыми қоғамдастыққа қол жеткізуді жеңілдету және тиісті дәйексөзді қамтамасыз ету үшін.
Сондай-ақ, журналды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) қазақстандық дәйексөз базасы (ҚазДБ) индекстейді.
Редакциялық алқа
Редакциялық алқаның құрамына журналдың тақырыптық бағыттары бойынша Web of Science немесе Scopus халықаралық дерекқорларында жарияланымдары бар жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар кіреді.
Редакциялық алқаның құрамы журналдың сайтында көрсетіледі.
Журналдың шығу жиілігі және басылым тілі
Журнал жылына 4 рет (тоқсан сайын) жарық көреді. Жариялауға арналған мақалалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде қабылданады. Бұл ретте авторлар туралы мәліметтер, аннотациялар, түйінді сөздер әрбір мақалада үш тілде жарияланады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімдері түпнұсқа тілінде, сондай-ақ латын транслитерациясында (қазақ және орыс тілдеріндегі мақалаларда) жарияланады.
Құпиялылық шарттары
Әрбір нөмірде авторлар туралы мәліметтер үш тілде жарияланады: толық аты-жөні, қаласы, ел, жұмыс орны (ұйым және құрылымдық бөлімше), атқаратын лауазымы немесе статусы (докторант, ізденуші), ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы (бар болған жағдайда).
Сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге сәйкес, әрбір мақала үшін автордың (авторлар тобының біреуі үшін) корреспонденция үшін байланыс деректері: электрондық пошта және ORCID идентификаторы көрсетіледі. Егер ORCID идентификаторы болмаса, корреспонденция үшін жауапты автор бұл идентификаторды алу үшін https://orcid.org/ сайтына тіркелуі тиіс.
Журналға мақала берген кезде авторлар көрсететін өзге де мәліметтер (телефон нөмірі, мекен-жайы және т.б.) редакциялық алқа мүшелеріне және келіп түскен қолжазбалармен және журнал нөмірлерін қалыптастырумен тікелей жұмыс істейтін Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлеріне ғана қолжетімді және жариялауға немесе үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.
Сонымен қатар, мақалаларды іріктеу процесінің объективтілігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін журналда екіжақты жасырын рецензиялау саясаты қолданылады. Бұл рецензенттерге авторлар туралы мәліметтер берілмейтінін, ал авторларға рецензенттер туралы мәліметтер берілмейтінін білдіреді.
Жарияланған материалдар міндетті түрде редакциялық алқаның көзқарасын білдірмейді. Редакция сапалы мақалаларды таңдап, сәйкес келмейтін мақалаларды түсініктеме берместен қабылдамауға құқылы және мақалалардың мазмұны мен авторлар ұсынған ақпараттың дұрыстығына жауап бермейді.
Мақалаларды қабылдау
Журнал мақалаларды жыл бойы қарастыруға қабылдайды, алайда екіжақты жасырын рецензиялау қолданылатындықтан, әрбір түскен мақала міндетті түрде жарияланады деп кепілдік берілмейді. Рецензенттердің теріс қорытындыларын алған жағдайда не ескертулер болған кезде авторға хабарланады, ал мақала қарастырудан тұрақты түрде алынып тасталады немесе автордың түзетулер енгізуіне дейін уақытша қарастырудан шығарылады.
Егер мақала жариялау үшін қабылданса, редакция авторға (авторларға) тиісті хабарлама жібереді, содан кейін мақаланың библиографиялық ақпараттары «Баспадағы мақалалар» бөлімінде жарияланып, мақаланың редакцияға түскен күні, баспаға бекітілген күні және жарияланған күні көрсетіледі (жариялау күні ретінде «Баспадағы мақалалар» бөліміне енгізілген күн есептеледі).
Өндірістік жұмыстар, редакциялау және макеттеу аяқталғаннан кейін мақала сайтта PDF форматында жарияланады, ал оның библиографиялық деректері PDF файлымен сілтеме арқылы «Баспадағы мақалалар» бөлімінен журнал шығарылымдарының мұрағатындағы тиісті нөмірі бар бөлімге көшіріледі.
Журналда жариялау ақылы негізде жүзеге асырылады.