AI АУҒАН ӘЙЕЛДЕРІНЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАЛАМА ӘДІСІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.1.1.012Кілт сөздер:
жасанды интеллект, білімге қол жеткізу, ауған әйелдері, гендерлік теңсіздікАңдатпа
Мақалада Ауғанстан әйелдеріне сапалы білім алуға қол жетімділікті арттыру үшін жасанды интеллект (AI) әлеуеті сипатталған. Ауғанстанның мәдени және тілдік ерекшеліктерін, атап айтқанда пушту және дари тілдерін ескеретін АИ мазмұнын әзірлеу және бейімдеу қажеттілігі атап өтілді. Жұмыс сонымен қатар AI платформаларын енгізу кезінде шешілуі қажет жеке деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығы мәселелерін көтереді, оқытудың анонимділігін қамтамасыз ететін және жеке ақпараттың ағып кетуіне жол бермейтін қауіпсіздік жүйесін енгізу ұсынылады. Зерттеу барысында халықаралық ұйымдардың деректеріне компаративті талдау жасалып, оқытуды дербестендіру тетіктері қарастырылды. Автор Duolingo, Khan Academy және ChatGPT сияқты АИ-платформаларын қашықтықтан білім алудың тиімді құралдары ретінде негіздейді. Мақалада цифрлық теңсіздікті жою және елдегі оптикалық-талшықты желілерді дамытудың маңыздылығы айқындалған. Бұл шаралар саяси тұрақсыздық жағдайында тұрақты білім беру экожүйесін құруға мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, мақалада AI Ауғанстандағы қыздар мен әйелдерге, әсіресе дәстүрлі оқыту нысандарын шектеу жағдайында білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етудің маңызды құралы бола алатыны көрсетілген.
All site content, except where otherwise noted, is licensed under a