БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН БАҒАЛАУДЫҢ ЭКОЖҮЙЕЛІК ТӘСІЛДЕМЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.63597/UTO3105-4161.2025.3.3.004Кілт сөздер:
тәрбиенің экожүйелік тәсілдемесі, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, құндылық, патриотизм, адалдықАңдатпа
Мақалада білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесін бағалаудың экожүйелік тәсілдемесі қарастырылады. Қазіргі таңда тәрбие нәтижелерін өлшеу көбінесе формалды көрсеткіштермен шектеліп, білім алушылардың тұлғалық дамуы мен құндылықтық бағдарларын толық ашып көрсетпейді. Осыған байланысты экожүйелік тәсілдеме тәрбие процесін кешенді бағалаудың тиімді тетігі ретінде ұсынылады. Зерттеу барысында макро, мезо, микроорта деңгейлерінің өзара байланысы талданып, білім беру ұйымының тәрбие кеңістігін әлеуметтік серіктестік, отбасы мен мектептің ынтымақтастығы, мектеп мәдениеті тұрғысынан қарастырудың маңызы негізделеді.
Мақалада «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарына сүйене отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудың экожүйелік моделін сипаттау ұсынылады. «Адал азамат» моделін енгізу арқылы тәрбие нәтижелерін айқындау, білім алушылардың адалдық, әділдік, жауапкершілік, құрмет сияқты адамгершілік қасиеттерін бағалаудың экожүйелік тәсілдемесі көрсетіледі. Құндылыққа бағдарланған «Адал азамат» моделін жүзеге асыру мектеп экожүйесін дамытуға мүмкіндік береді. Экожүйелік тәсілдеме білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының экожүйесін әлеуметтік ортадағы өзара әрекеттестікті ескере отырып бағалауды қамтамасыз етеді. Бұл тәсілдеме тек іс-шаралардың сандық нәтижелерін ғана емес, сонымен бірге білім алушының құндылық бағдарларын, әлеуметтік дағдыларын, отбасымен және қоғаммен байланысын қамтиды.
Зерттеу нәтижесінде экожүйелік тәсілге негізделген тәрбие процесін бағалау критерийлері мен индикаторлары айқындалды. Сондай-ақ тәрбие экожүйесіне сәйкес құндылыққа бағытталған «Адал азамат» моделі тәрбие процесінің стратегиялық бағыты ретінде ұсынылды.
All site content, except where otherwise noted, is licensed under a