ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫН ӨТКІЗУ РӘСІМДЕРІНІҢ МОДИФИКАЦИЯСЫ
Кілт сөздер:
КТ, Face ID, ETS Global, TOEFL, PET, FCE, DEFL, РОӘС, меморандум, магистратураАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында магистратураға қабылдау емтихандарын өткізу рәсімдеріндегі өзгерістер мен жетілдірулер қарастырылады. Ерекше назар электрондық тестілеуге аударылып, оның үміткерлердің білімін бағалаудағы ашықтық пен объективтілікті арттырудағы рөлі талданады. Соңғы жылдары енгізілген негізгі реформалар, оның ішінде тест мазмұнын жаңарту және қосымша бақылау механизмдерін енгізу қарастырылады. 2004 жылдан бастап шет тілдері бойынша емтихан форматтарын өзгерту процесі талданып, жаңа тестілердің апробациясы нәтижелері, анықталған мәселелер және бағалау жүйесінің сапасын арттыруға ықпал еткен реформалар сипатталады. 2017 жылы үміткерлерді іріктеудің объективтілігін арттыру мақсатында кешенді тестілеудің енгізілуі және жаңа жүйенің халықаралық тәжірибелерге сәйкестігі қарастырылады. 2020–2024 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасында магистратураға қабылдау емтихандарының нәтижелеріне кешенді талдау жүргізіледі. Үміткерлердің қатысу үрдістері, өту балын жинаған студенттер санының өзгеруі, сондай-ақ білім беру гранттарын бөлу динамикасы зерттеледі. Бұл өзгерістердің магистратураның әртүрлі санаттағы студенттер үшін қолжетімділігіне әсері және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижесінде магистратураға қабылдау емтихандарын одан әрі жетілдірудің негізгі мәселелері мен перспективалары анықталады.