Авторларға арналған нұсқаулық
Құрметті авторлар!
«Педагогикалық өлшемдер» ғылыми-тәжірибелік журналына мақала жариялауға қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерден төменде ұсынылған нұсқаулықпен мұқият танысып, мақала дайындау барысында осы талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз. Бұл талаптарды сақтау мақалаңызды сараптамадан өткізу мен жариялау үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Мақалаға қойылатын жалпы талаптар
Мақала қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде Word форматында ұсынылуы тиіс (парақ өлшемі – А4, кітапша бағытта, барлық жақтан өріс – 20 мм. Шрифт: Times New Roman, өлшемі – 12. Жоларалық интервал: бір аралық. Мәтінді туралау: енінен, тасымалсыз. Абзац шегінісі: 0,8 см.)
Мақала журналдың OJS (Open Journal System) онлайн платформасы арқылы жіберіледі – Жаңа материал жіберіңіз бөлімі арқылы.
Мақаланың көлемі 15 беттен аспауы тиіс (кестелерді, суреттерді және әдебиеттер тізімін қоса есептегенде). Ең аз көлем – 6 бет.
Мақаланың құрылымы нақты және қисынды болуы керек және келесі элементтерден тұруы тиіс:
-
Тақырып бөліміне келесілер кіреді: ҒТАМР коды (Рубрикаторға ашық қолжетімділік бар: https://grnti.ru/ немесе авторлар кодты кітапханадан ала алады), авторлар туралы мәлімет (бастапқы әріптері мен тегі, мекеме немесе ұйым атауы, қала, ел, редакциямен хат алмасуға жауапты автордың e-mail мекенжайы), авторлардың ORCID нөмірі https://orcid.org/, мақала атауы (ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде беріледі).
-
Аннотация (150-250 сөз) зерттеудің өзектілігін, мақсатын, әдістерін, негізгі нәтижелерін және қорытындыларын қамтуы тиіс. Аннотация ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
-
Түйінді сөздер. Мақаланың негізгі тақбырын сипаттайтын 5-7 түйінді сөз немесе сөз тіркестері. Түйінді сөздер ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
Ғылыми мақаланың ішкі құрылымы (әр бөлім міндетті түрде мақалада нақты ерекшеленіп тұруы тиіс):
-
Кіріспе
-
Зерттеу материалдары мен әдістері
-
Нәтижелер және талқылау
-
Қорытынды
-
(Алғыс айту) (бар болған жағдайда) / (Қаржыландыру туралы ақпарат) (бар болған жағдайда)
-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтіндегі дәйексөз келтіру реті бойынша жасалуы тиіс.
Мақала мәтінінде барлық дәйексөздерге міндетті түрде сілтеме болуы керек, олар шаршы жақшада рәсімделеді.
Әдебиеттер тізімі ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» және American Psychological Association (https://apastyle.apa.org/) стандартына сәйкес рәсімделуі қажет. Сілтемелерді рәсімдеу үшін мына құралды пайдалануға болады: https://www.mendeley.com/reference-management/. Транслитерацияны мына сайт арқылы жасау қажет: https://translit.net/ru/mvd/.
Кестелер мен суреттерді рәсімдеуге қойылатын талаптар:
-
Кестелерде реттік нөмірі және мазмұнын ашатын атауы болуы тиіс. Барлық бағандар мен жолдар нақты әрі анық атаулармен көрсетілуі қажет. Кестеге қатысты ескертпелер кестенің астында беріледі. Мәтін ішінде кестелерге міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс.
-
Суреттер (графиктер, диаграммалар, фотосуреттер) жоғары сапада болуы керек, реттік нөмірі мен мазмұнын түсіндіретін атауы болуы тиіс. Суреттегі барлық элементтер анық әрі оқуға ыңғайлы болуы қажет. Мәтін ішінде суреттерге міндетті түрде сілтеме жасалуы қажет.
Авторлар туралы мәліметтер ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде берілуі тиіс: әрбір автордың тегі, аты, әкесінің аты (толық), ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы (болған жағдайда), лауазымы, жұмыс орны (ұйымның толық атауы) және мекенжайы, әрбір автордың байланыс деректері (e-mail, телефон нөмірі).
Мақаланы ұсыну үдерісі:
Мақаланы ұсынбас бұрын, Авторларға арналған нұсқаулықта жариялау талаптарымен мұқият танысып шығуыңызды сұраймыз. Мақаланы осы нұсқаулыққа және журнал талаптарына сәйкес дайындаңыз. Мақала ұсынылғаннан кейін рецензиялау рәсімінен өтеді.